Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша
білім беру ұйымдары үшін
ЖАДНАМА
Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: - білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу); - барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;
Жаңалықтар
Президенттің құттықтауы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 12:00

Жыл сайын Павлодар облысында бүкіл елдегідей ҚР Президентінің атынан, Павлодар облысы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізіледі. Бұл шараларға 9-дан 13-ке дейін оқу үдерісінде жақсы нәтижелерді көрсетіп отырған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысады. Бұл жылы да ерекшелік болған жоқ. Бірақ, пандемия жағдайында салтанатты шаралар өткізілмейді. Сыйлықтар мен құттықтауларды Аяз ата мен Ақшақар балалардың үйлеріне апарып берді. Железин ауданында 6 бала құттықтауларды қабылдады.
ҚР Президентінің атынан Бижан Томирис (Моисеевка), Кохан Александр (Жолтаптық), Бөлеген Салтанат (Валиханов) қабылдады.
Павлодар облысы әкімінің атынан сыйлықтар мен құттықтауларды Андреев Расул (Лесное), Тлеубергенов Ансар мен Грудко Александра (Железинка) алды.
Информатика мұғалімдері қауымдастығының отырысы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 11:40

Железин ауданы педагогтер қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан информатика мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өткізілді. №2 Железин ЖББОМ информатика пәнінің мұғалімі Масягин Д.В. және Абай ЖББМ информатика пәнінің мұғалімі Жарылғапова С. Б. қатысты. Отырыс барысында Д. В. Масягин оқушыларды акт-конкурстарға дайындау, оқу процесінде түрлі қосымшаларды пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді, С. Б. Жарылғапова «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбымен сөз сөйледі. Семинар соңында қорытынды жасалды.
Педагогтар ассоциациясының отырысы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2020 11:30

Железин ауданы педагогтер қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес тарих және география мұғалімдеріне арналған аудандық семинар қашықтықтан өткізілді. № 2 Железин ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі С.А. Шарипова және №3 Железин ЖББОМ география пәнінің мұғалімі Д. М. Кубенова қатысты. Отырыс барысында педагогтар жұмыс тәжірибесінен теориялық және практикалық материал ұсынды: Шарипова Сәуле Асаиновна қашықтықтан оқыту шеңберінде Тарих сабақтарында PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын енгізу туралы айтып берді. Кубенова Диана Муратовна «Қашықтық оқыту барасында PISA тапсырмаларын география сабағына енгізу» тақырыбымен сөз сөйледі. Семинар соңында қорытынды жасалды.
Профилактикалық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 24.12.2020 16:30

2020 жылдың 24 желтоқсанында Железин ауданының білім беру бөлімімен аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ZOOM платформасында семинар өткізілді.
Жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді пайдалану
- Толығырақ
- Жарияланды 24.12.2020 16:20

Бүгін білім бөлімінің әдіскері Арайлым Серікқалиевна бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен "Жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді пайдалану" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Железин №3 ЖББ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Күмісай Теңдіковна Даулетова бағалауды жоспарлау кезіндегі ресурсты қолдану, тапсырма түрлеріне, модерацияға тоқталып өтті.
Железин №2 ЖББ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсулу Сеитовна Чужаева бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау алгоритмдерін және бағалау жұмыстары туралы айттып өтті. Семинар барысында жиынтық бағалау жұмыстары туралы пікір алмасып, талқыланды.
«Зерде»
- Толығырақ
- Жарияланды 23.12.2020 17:10

«Зерде» 1-7 сынып оқушылары арасындағы ХVІ Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН Железин №2 ЖББОМ оқушысы Заирова Одэлия марапатталды.
«Зерде» ХVІ республикалық конкурсы облыстық кезеңінің жүлдегерлері: Железин №2 ЖББОМ 6 сынып оқушысы Сеплденова Амира – 2 дәрежелі дипломмен, Михайловка ЖББОМ 6 сынып оқушысы Сагиева Надежда – 3 дәрежелі дипломмен, Железин №1 ЖББОМ 4 сынып Тургумбаев Аскар – 2 , 6 сынып оқушысы Тлеубергенов Ансар, Штрауб Александра және Кусаинова Полина – 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Онлайн марапаттау рәсімі «Ел Үміті» бастама аясындағы жобалардың жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 15.12.2020 15:30

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында "Ел Үміті" жобасының аясында 2020 жылдың 14 желтоқсан күні белсенді қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев қоры бастамасымен 2020 жылы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиасы тағайындалған болатын. Сондай-ақ, Павлодар облысының қалалары мен аудан әкімдері, аудан орталықтарында аталмыш байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Біздің де жас дарындарды құттықтау және марапаттау үшін Железин ауданының әкімі Қанат Шаймарданұлы Қашкиров марапаттау рәсімін өткізді. «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиядасының жеңімпаздары: Железин №2 ЖББОМ оқушысы Ашимжанова Дария, Новомир ЖББОМ оқушысы Ахметова Аяулым, Жана жұлдыз аулының ЖББОМ оқушысы Кайыржанова Сабина, Ш.Уәлиханов атындағы ЖББОМ оқушысы Бөлеген Салтанат ноутбуктермен марапатталды. Медаль Елбасы және төс белгісімен Железин №2 ЖББОМ оқушысы Севостьянова Анна марапатталды. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!