1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін32
Кеше67
Апта281
Ай1015
Барлық күндері54426

 

Ауданда балалармен және жасөспірімдермен зорлық және мейірімсіз үндеу бойынша алдын алу жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

   Ата-аналары немесе кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балалардың тәрбиесі, үйренуі бойынша міндеттерін орындамайтыны - бұл мейірімсіз әлеуметтік қауіпті жағдайдағы жанұя болып саналады.

   Барлық мектептерде «Сенім жәшіктері» орналастырылған. Ақпараттық стендтерінде аудандық білім және ішкі істер бөлімідерінің, облыстық білім беру басқармасының балалар құқықтар қорғау бойынша бөлімінің «Шұғыл жол» телефондары орналастырылды. Бірлескен жоспарына сәйкес учаскелік полиция инспекторларымен оқушыларға 128 тақырыптық лекциялар, әңгімелер жүргізіліп, ата-аналармен 76 кездесулер өткізілді.

   «Балалар еңбегінің пайдалануына қарсы 12 күн»ақпараттық кампаниясының шеңберінде іс-шараларды өткізу барысында аудан мектептерінде 1 маусымынан 12 маусым аралығында мектеп директорлары және тәрбие жұмыстары жөніндегі олардың орынбасарлары 47 сәтсіз, 68 көп балалалы, 217 тұрмысы төмен жанұялардағы балалардың ата-аналарына қауіпті жұмыстарында бала еңбегінің қолдануды рұхсат етілмейтінді туралы 54 консультациялар өткізді.

   Қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зоблықсыз мәселеріне аудару, қатыгездікті төзбеушілік қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында жыл сайын қарашаның үшінші тоқсанында «Зорлық-зоблықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны өткізіледі. Науқан барысында мектеп кітапханаларында "Бала құқықтары туралы Конвенциясы - дүниежүзілік балалар Конституциясы", "Есте сақта және қолдан!" кітап көрмелері мен бұрыштар рәсімделеді.

   Сынып жетекшілері "Бала құқығы", "Баланың құқықтары жеке басының бостандығы мен қол сұқпаушылық", "Құқығым бар!" тақырыптарында сынып сағаттары өткізеді.Сонымен қатар, «Отбасында зорлық-зоблық жоқ», «Түнгі қаладаға балалар», «Жасөспірім» кең ауқымды ведомствааралық рейдтік шаралар ақпараттық-түсіндіру жұмысы қоса өткізіледі. Жалпы жыл бойы ұйымдастырылған 75 рейдтік шараларға 122 адам қатысты. Балалар еңбегін пайдалану фактілерін, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас анықталған жоқ.

   Балалардың құқықтары, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына түсүі кезінде көмек мүмкіндігі нысандары туралы қоғамның ақпараттандырылуы деңгейін арттыру, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартуды белсендету осы ұйымдастырылып өткізілген шаралардың нәтижесі боп саналады.

   Аудан аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға құқықтарға қарсы қол сұғулар фактілер және балалар еңбегінің пайдалануы жіберілмеген.

Сайтқа кіру

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29