1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше8
Апта144
Ай377
Барлық күндері25816

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауынан

    Қазақстан халқына еліміздің Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – республиканың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға.Биылғы жылғы Жолдауы – бұл Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына кіру бойынша былтырғы жылдың жолдауында белгіленген міндеттерді орындау.Сол үшін республика Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және талпынған өзгерістермен: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік заманға кіреді. Президенттің Жолдауы – барлық қазақстандықтарға, ең алдымен біздер, педагогтарға тиісті нақты практикалық істердің бағдарламасы.

   Жолдаудың жетінші бағытында «Адамзат капиталы – жетілдіру негізі.Білімнің жаңа сапасы» біздер үшін басымдық бағыт. Мемлекет Басшысы барлық жастағы азаматтарды қамтитын, білімнің меншікті алдыңғы қатарлы жүйесін құруды жеделдету қажеттілігіне басты назар аударды.Осы бағыт бойынша білім бағдарламасының басымдық кілті - жаңа білімді меңгеруге және өзгерістерге бейімділікке қабілеттілікті дамыту болу керек. Яғни, біз әртүрлі шақыруға жауап беретін бәсекелестікке қабілетті тұлғаны дайындауға тиістіміз.

   2021 жылы білім мазмұнын жаңартуды көшуді аяқтау, жаңа бағдарлама, оқулықтар мен стандарттар біздерден, педагогтерден, оқыту мен білім беруді сапалы өзгертуге бағытталған, өзіміздің педагогикалық әрекеттерімізді ұйымдастыруға басқаша қатынасты іске асыруды талап етеді. Оқытудағы жаңа қатынастар барлық педагогикалық әрекеттер үрдісінде педагогтардан үнемі өздігінен білім алып, білімдерін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өзінің үндеуінде президент «Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық жетекшілікпен үйлестіре толықтырылуы қажет» деп атап көрсетті. Барлық мектептерді интернетке қосу және сандық білімдік ресурстарды дамыту- оқушылардың ақпараттық-байланыс құзыреттілігін жетілдіру және қалыптастыру міндеттерін жеткілікті шешуге мүмкіндік береді. Ғаламдық әлемде және елдегі қызмет пен өмір үшін мектеп бітірушілердің қажетті түрде үш тілді меңгерулері білімді жетілдірудің қорытындысы болып табылады.Қазірден бастап аудан мектептерінде ағылшын тілінде оқыту үшін физика, химия мұғалімдеріне дайындық курстары жүзеге асырылуда.

   Әрқайсымыз нәтижелі түрде еңбек етсек, сонда ғана өзіміз және отбасымыз үшін ырыс-береке болатынын түсінеміз.Сондықтан әлемдегі болып жатқан өзгерістер біздер, мұғалімдерден, көп нәрсені талап етеді.Дарынды, зиялы қауымсыз әртүрлі деңгейде басқару нәтижелі болмайды.Білім әлеуетіне, оның ішінде ұстаздардың жалақысын жоғарлатуға үлкен қаржы бөлу жоспарланғанына біз қуаныштымыз. Жаңа экономикалық басымдық қатынасқа Қазақстанның барлық халқы сияқты, бәсекелестікке қабілетті білім қызметі саласындағы біз, ұстаздар, кіретін болғандықтан, бір мақсатқа ұмытылуымыз керек, Президенттің Жолдауының барлық бағыттарын іске асыруға үлес қосып,гүлденген және еркін Қазақстанның құрылуына және бірыңғай қазақстандық ұлттың қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға тырысамыз.

 

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31