1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін16
Кеше26
Апта272
Ай726
Барлық күндері29134

Жаңалықтар

«Отбасы – рухани жаңғыру негізі»

 

  Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беру орта мектебінде «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» атты республикалық апталық барысында келесідей іс-шаралар өткізілді: «Отбасым – менің қуатым» аутрич акция, «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында фотоколлаж және сурет конкурсы, сонымен қатар сәтсіз отбасылар үйіне бару мен кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

   6 қыркүйек күні мектептің барлық оқушылары қатысқан «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты тақырыпта фотоколлаж бен сурет конкурсы хабарландырылды. Балалар өз қолдарынан және компьютерде, қатаң стильде және аппликациямен безендірілген жасаған коллаждарын әкелді. Сол сияқты қолдан жасаған жұмыстар мен көлемді апппликациялар мен көптеген суреттер болды. Мектептің назарын аудартқан жасалған жұмыстар көрмеге қойылды. Ең шығармашылық жұмыстар жалпымектептік лездемеде аталынып өтті.

   13 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары, сонымен бірге «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ауыл көшелеріне шығып, отбасы құндылықтары туралы (бейбітшілік, жақсылық, махаббат, салауатты өмір салты туралы) адамдарға ақпарат берді. Бұл кездесу көтеріңкі көңілде, достық, жылы лебізде адамдармен қарым-қатынас орнады. Аутрич-акцияны жүргізген оқушылар аға вожатый және мектеп психологымен құрастырған ҚР байланыс орталықтары және сенім телефон нөмірлері бар отбасы құндылықтары туралы мазмұнды ақпаратты қамтитын буклеттер мен тәтті сыйлықтарды таратты.

   Аталған акция ауыл тұрғындарының терең қызығушылығын оятып, барлығы позитивті көңіл-күйге толы болды.

 

Сайтқа кіру

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30