1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін16
Кеше26
Апта272
Ай726
Барлық күндері29134

Жаңалықтар

Менің отбасым-менің қуанышым

 

   10-15 қыркүйек аралығында Славяновка ЖОББМ "Отбасы" апталығы өтті, онда оқушылар "Менің отбасым" атты эссе жазды, "Анашым менің" атты өздері өлең шығарып оқыды, "отбасы балалар көзімен" атты суреттер салды және отбасылық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Апта "Менің отбасым-менің қуанышым" атты үлкен мерекемен аяқталды. Іс-шараға барлық ата-аналар алдын-ала дайындалды : берілген шақыру бойынша отбасылар ерекше костюмдер , эмблемалар , атаулар, ұрандар, шығармашылық нөмірлер ,отбасылық торттар дайындады. Ата-аналардың айтуынша, олар бір апта бойы балалармен дайындық, ән, би ,көріністерге дайындалды.

   Бұл жерде "ана мен ұл" биін (Утегеновтар отбасы), "Лезгинка" биін (АхметоваТлектес отбасы ), "ана мен қыз" биін (АхметоваНазым отбасы), "Кавказда" қойылымын (Кусаиновтар отбасы), "Родительский дом " әнін (Дунаевтар отбасы), отбасылық рөлдер бойынша өлеңді мәнерлеп оқу және «Если с другом вышел в путь » атты өлеңін үш жасар қыз орындады (Джумалиновтар отбасы) және тағы басқаларын көруге болады. Сонымен қатар, отбасылар "отбасылық портрет", "ертегі ассорти", "музыкалық конкурс", "сұрақ-жауап", "сөздің мағынасын ашу", "отбасы туралы әндер" және басқа да конкурстарға қатысты. Қазылар алқасының пікірінше, барлық отбасыларға"Ең тату отбасы" (Мусиндер отбасы ), "Ең үздік отбасылық би" (Утегеновтар отбасы), "Белсенді отбасы" (Ахметовтар отбасы), "Шығармашылық отбасы" Джумалиновтар отбасы ) және "Ең үздік отбасылық киім" (Дунаевтар отбасы) номинациялары бойынша грамоталармен марапатталды. Әр отбасыға естелік сыйлықтар берілді. Ал мереке соңында барлық мектеп отбасылары дәмді отбасылық торттармен шай ішуге жиналды.

 

Сайтқа кіру

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30