1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше35
Апта69
Ай423
Барлық күндері39479

 

 

     Жыл сайын Қазақстанда 2008 жылдан бері республикалық «Мектепке жол» акциясы жүргізіліп келеді.

   Ағымдағы жылда «Жүректен жүрекке» ұранымен бір ай бұрын басталды, 2019 жылдың 1 шілдесінде. Акцияның мақсаты- әлеуттік себептерге байланысты балалардың мектепке бара алмауын ескерту және жаңа оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған, жетім балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға материалды көмек көрсету.

   Акция шеңберінде оқу орындарында, мектеп жәрмеңкелерінде, әкімдердің, жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен қайырымдылық күндері, мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша ақпараттық-түсіндірме іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

 

 

Жаңалықтар

Аудандық робототехника жарысы

    2019 жылдың 24 сәуірінде Железин №3 ЖОББМ базасында роботтарды бағдарламалау және жобалау саласындағы талантты оқушыларды анықтау және қолдау, білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында I аудандық робототехника жарысы өткізілді. Жарыста Железин №1 ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №3 ЖББОМ, Жаңа жұлдыз ауылының ЖББОМ, Есқара ЖББОМ, Т.Праслов ат. Приертіс ЖББОМ, Башмашын ЖББОМ, Михайловка ЖОББМ, Береговой ЖББНМ командалары қатысты.

   Қатысушылар өз қолымен жинаған автономды роботтарын таныстырып, «Робосумо», «Кегельринг», «Шығармашылық жұмыс» санаттары бойынша бақтарын сынады.

   Білім берудің инновациялық технологиялары бойынша қатысушылардың шығармашылық талпыныстары мен ғылыми-техникалық және инженерлік шеберліктерін аудан әкімінің орынбасары С.А.Гладышева жоғары екенін атап өтті.

   Жарыс қорытындысы бойынша «Шығармашылық жұмыс» санатында Т.Праслов ат. Приертіс ЖББОМ мектебінің оқушысы Жумабекова Дария «Talant Star», Железин №1 ЖББОМ оқушысы Зангирханов Алимхан «Creative Idea» Жаңа жұлдыз ауылының ЖББОМ оқушылары Куракова Райхан «Young Explore», Скурлатов Илья «Idea Generator», Башмашын ЖББОМ оқушысы Арсентьева Виктория «New Inspiration», Железин №2 ЖББОМ оқушылары Шишков Артем «Young Talant», Севостьянов Данил, Коваль Борис «Талпыныс», Железин №3 ЖББОМ оқушысы Айтуаров Джанибек «Табысты бастау» номинацияларымен марапатталды.

   «Робосумо» санаты бойынша ІІІ-дәрежелі диплом иегерлері: «Роботы» (Михайловка ЖББОМ), «Robot» (Железин №1 ЖББОМ), «КМ-7» (Железин №3 ЖББОМ); ІІ-дәрежелі диплом иегерлері: «Robik» (Жаңа жұлдыз ЖББОМ), «Б-40» (Береговой ЖББНМ); І-дәрежелі диплом иегерлері: «Amigos» (Т.Праслов ат. Приертіс ЖББОМ), «Atom» (Башмашын ЖББОМ) командалары.

   «Кегльринг» санаты бойынша ІІІ-дәрежелі диплом иегерлері: «Robik1» (Жаңа жұлдыз ЖББОМ); ІІ-дәрежелі диплом иегерлері: «Дильназ» (Береговой ЖББНМ), «Force» (Башмашын ЖББОМ), І-дәрежелі диплом иегерлері: «Есқара ЖББОМ», «Анеля» (Железин №1 ЖББОМ) командалары.

   Осындай талапты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, білім белестерін бағындыруға себепкер болған жас таланттардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.

 

Сайтқа кіру

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31