1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше47
Апта1
Ай747
Барлық күндері43425

Жаңалықтар

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» республикалық акциясы

   2019 жылғы12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

   Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін. Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б. Акцияның мазмұны және форматы: Ұраны- "Қауіпсіз мектеп автобусы үшін".

   Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

Сайтқа кіру

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31