1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін110
Кеше131
Апта1356
Ай2144
Барлық күндері49082

Жаңалықтар

Эстетикалық цикл мұғалімдеріне арналған аудандық әдістемелік семинар

   15.11.2019ж. Железин №2 ЖББОМ базасында "Кіріктірілген сабақ педагогикалық инновация ретінде" тақырыбы бойынша эстетикалық цикл мұғалімдеріне арналған аудандық әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Г. А. Машкова аштып жүргізді. Тыңдаушылар алдында Железин№2 ЖББОМ оқушысы Максим Шеленков, облыстық "Шеберлер қаласы" конкурсының Гран-при иегері және республикалық "Шеберлер қаласы" конкурсының "Ұлттық колориті бар интерьерінің ерекше дизайн-жобасы" номинациясының жеңімпазы сөз сөйледі. Р. Ж. Сыздыков №2 ЖОББМ көркем еңбек мұғалімі "Графика және жобалау" пәнін оқыту туралы ақпаратпен бөлісті, педагог осы пән бойынша курстық қайта даярлаудан өтті. Қазіргі уақытта бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мазмұнын жаңартудың объективті қажеттілігі туындады. Осыған байланысты "графика" және "жобалау" терминдерінде жасалған мағыналық ресурстармен ерекшеленетін "Графика және жобалау" жаңа оқу пәні енгізіледі, оқушыларға көрнекі-бейнелі, кеңістіктік, логикалық, абстрактілі ойлау мен эстетикалық талғамды дамытуға мүмкіндік беретін, кез келген шығармашылық үдерісте өте маңызды орын алатын әдістерді көрсетті, компьютерлік бағдарламаларды қалай меңгеріп, олардың көмегімен балалар бар объектілерді бейнелеп қана қоймай, жобалау - конструкторлық қызметтің негіздерімен де таныса алады. "Графика және жобалау" пәнінің оқу курсы төрт білім саласының: "Өнер", "Технология", "Математика және информатика" және "Ақпараттық технологиялар мен жүйелер" аспектілерін біріктіретін интеграцияланған курс болып табылатынын атап өтті. Жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша тәжірибе алмасу шеңберінде: Бадеева Т. Г. (Железин№1 ЖББОМ), Громыко Л. В. (Веселорощин ЖББОМ) ,Ханенко А. А. (Железин№3 ЖББОМ), Олифиренко Е. Н.( Буденовка ЖББНМ) Мұғалімдері сөз сөйледі. Семинар соңында қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылды.

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31