1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше67
Апта283
Ай1017
Барлық күндері54428

Жаңалықтар

"Жас педагогтарды бейімдеу" аудандық семинар-практикумы»

 

   Аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Железин №1 ЖББОМ базасында 2020 жылдың 30 қаңтарында жас мамандарға арналған аудандық семинар-практикум өтті. Семинарға ауданның жас педагогтары және олардың тәлімгерлері қатысты. Семинар аясында жас мұғалімдер келесі пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді: Орыс тілі мен әдебиеті (Брулевич Е. В.-Железин №1 ЖББОМ мұғалімі), музыка (Увалитов М. М.-Береговая ЖББНМ), қазақ тілі (Чужаева А. С.-Железин №2 ЖББОМ), (Бакиров Н. А.- Т. П. Праслова ат. Прииртышск ЖББОМ.), физика (Кульмагамбетов А. А.-Башмашын ЖББОМ), химия (Смагулов М. З.-Железин №2 ЖББОМ), (Оспанова А. А.-Железин №1 ЖББОМ), Қазақстан тарихы (Сүлейменова Ж. Е.-Железин №1 ЖББОМ), география (Байдуманов А. С.-Железин №2 ЖББОМ).

   Семинардың практикалық бөлімінде ұстаз-тәлімгерлер С. Ж. Мусалимова-Башмашын ЖББОМ мұғалімі, Л. И. Левченко- Т. П. Праслова ат.Прииртышск ЖББОМ ТЖДО., Т. В. Торопчанина-Железин №2 ЖББОМ психологы, Ж. Е. Сулейменова-Железин №1 ЖББОМ ОЖДО коучингтер, тренингтер өткізді, қазіргі білім беру жүйесінің аса өзекті мәселелері бойынша таныстыру және түсіндіру жұмыстары: "заманауи білім беру жағдайында жас мұғалімдердің портфолиосын ресімдеуге қойылатын талаптар", "сынып жетекшісінің құжаттамасы", "психологиялық жайлылық оқушы тұлғасының дамуының негізі ретінде", "балалардың дарындылығын дамыту бойынша жұмыс". Семинар шығармтнде өтті. Осы семинарды ұйымдастыру және өткізу үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін Железин №1 ЖББОМ әкімшілігі мен ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

Сайтқа кіру

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29