1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше29
Апта103
Ай243
Барлық күндері56172

Жаңалықтар

Ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл

 

   Абай атамыздың 175 -жылдығына орай Железин ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Абай оқулары өткізілді. Қаңтар айында Абай оқулары Online түрінде өтті, ол сайысқа ауданымыздың 100 – ге шама оқушымыз қатысты. Оның ішінен ең үздік деген 28 оқушымызды таңдап алдық.

   2020 жылдың 3 ақпанында Абай ЖББНМ – де үлкен мерекелік іс – шара өткізілді. Бұл іс – шара сайыс түрінде өтті. Абай ауылында болған қонақтарымыз: АӘК меңгерушісі Каримова А.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскер Кожекбаева А.С., «Туған өлке» аудандық газетінің бас редакторы Сергазин А.К.,Балалар өнер мектебінің оқытушысы Абдреев Ақжол, «Жебе» ҚБ мүшелері мен кәсіпкерлері Сейтахмет Ә. Е. және Оразбек Б. Алдыңғы іріктеуден өткен 28 оқушымыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

   «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Алпысбаева Диана (Новомир ЖББОМ) – 1орын, Нуртазина Тлектес (Екішоқ ЖББНМ) – 2 орын, Мұхаметқали Айдана( Железин № 3 ЖББОМ) – 3 орын. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Кенжебаева Ақбота (Екішоқ ЖББНМ) – 1 орын, Ахметова Айдана (Жаңа жұлдыз аулының ЖББОМ) – 2 орын, Байжапарова Майра (Береговой ЖББНМ ) – 3 орын. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» » номинациясы бойынша Жылкайдарова Сана (Абай ЖББНМ) – 1 орын, Балгабаева Диляра (Железин №3 ЖББОМ) – 2 орын, Шады Ұлар (Екішоқ ЖББНМ) – 3 орынға ие болды. Ибрагимова Сабина (Еңбекші ЖББНМ), Медведева Дарья (Железин №1 ЖББОМ), Ғайса Бисары (Еңбекші ЖББН) мектебінің оқушылары үш номинациясымен марапатталды. Қалған барлық оқушыларға қатысқандары үшін сертификаттар берілді. Абай ЖББН мектебінің ұжымына және ауыл тұрғындарына алғысымызды айтамыз.

 

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30