1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше34
Апта57
Ай246
Барлық күндері59484

Жаңалықтар

Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері

 

    Железин ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 5-ақпанында Железин №3 ЖББО мектебінде БДИО әдіскерлерін Л.Қ.Ахмедиева, Б.М.Солтанова, А.С.Исабековты шақырумен «Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді. Бұл семинарға оқытуды мемлекеттік тілде жүргізетін мектептерінің география, математика, қазақ тілі мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Железин №3 ЖББОМ мұғалімдері Кубенова Д.М., Даулетова К.Т., Жетпісбай Х., Шарипова А.С. география, математика, қазақ тілі пәндері бойынша ашық сабақтар берді. Директордың оқу ісінің орынбасары Султанова Р.У. қатысқан мұғалімдермен «Критериалды бағалаудың негізгі проблемалары» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. БДИО әдіскерлері өткізілген шараның қорытындысын жасап, жаңартылған білім беру мазмұнының аясында бұдан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берді. Семинар жемісті және өзекті болды, қазіргі талаптарға сәйкес болып ұйымдастырылды. Семинардың аяғында әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Т.Каримова БДИО әдіскерлеріне Алғыс хаттар тапсырып, ынтымақтастық үшін алғысын білдірді, ал аудан мұғалімдеріне жемісті, шығармашылық қызметті тіледі. Семинардың аяқталуында Железин №3 ЖББОМ оқушылары концерт ұйымдастырды. Мектеп директоры Т.М.Даулетовке, директордың орынбасарлары Г.О.Тлеукеноваға, Р.У.Султановаға, С.Д.Сеилхановаға және Железин №3 ЖББОМ ұжымына бұл шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды айтамыз.

 

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31