1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін27
Кеше29
Апта127
Ай267
Барлық күндері56196

Жаңалықтар

П.Васильевтің шығармашылығы бойынша әдеби қонақжайы

 

    Железин ауданыны білім бөлімінің әдістемелік кабинеті құрастырған «Оқырман сауаттылықты қалыптастыру - білім алушыларды әлеуметтендіру шарттардың бірі» атты ұзақ мерзімді жобаның аясында, Береговой ЖББНМ базасында 3-наурыз күні П.Васильевтің шығармашылы бойынша «Мой Павлодар, мой город ястребиный» тақырыбындағы әдеби қонақжайы өтті. Мақсаты: Оқушыларды П.Васильевтің данышпан поэзиясына баулу, оқушылардың көркем қабілеттірін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Шара АӘК меңгерушісі А.Каримованың кіріспе сөзінен басталды. Құттықтау сөздерді Береговой ЖББНМ директоры Г.Сагандыкова, АӘК әдіскері Н.Битенова, Железин мұражайының директоры З.Зайкенова, АӘК әдіскері А.Кожекбаева, Еңбекші ЖББНМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Жамбусинова айтты. Іс-шараның ұйымдастырушысы мен жүргізушісі Береговой ЖББНМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Беркбаева қатысушыларға іс-шараның қонағын, П.Васильевтің мұражай-үйі экспонаттарының басты сақтаушысы Татьяна Сергеевна Корешкованы ұсынды.

   Корешкова Т.С. мұражайдың құрылу тарихымен және П.Васильевтің өмірбаянынан мен жеке өмірінен алынған фрагменттерімен таныстырды, мұражай-үйінің жұмыс жоспарын айтып берді. Шараның барысында Береговой ЖББНМ оқушылары Абельдинова А., Сагандыков Р., Тархова В., Шаймарданова М., Ахметова Д., Кентбаева Л., Ковалева А., Берекпаева А., Байжапарова М. П.Васильевтің өлеңдерін оқыды.

   Бұл шараның қонақтары да, Еңбекші ЖББНМ оқушылары Абай М., Жолдыбаева А., Абельдинова К., Капар Х. П.Васильевтің өлеңдерін оқып берді. Іс-шараның соңында АӘК меңгерушісі А.Каримова мен Береговой ЖББНМ директоры Г.Сагандыкова Т.С.Корешкованы ынтымақтастық үшін Алғыс хаттарымен марапаттады. Береговой ЖББНМ әкімшілігі мен ұжымына шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30