1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше58
Апта160
Ай242
Барлық күндері58743

Жаңалықтар

2020 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруын және жұмысбастылығын ұйымдастыру туралы аудандық семинар-кеңесі

 

   Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 1 маусымында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кәуіпсіздігін бақылау басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық аурухана, Железин ауданының полиция бөлімі мамандарының қатысуымен ZOOM онлайн платформасында «2020 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбы бойынша вебинар өтті. Осы іс-шара мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары үшін аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Т. Каримованың төрағалық етуімен өтті.

   Білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Н. Н. Булатбаев "Ерекше Жаз-2020" бағдарламасы аясында балаларды жазғы демалыспен қамту бойынша дайындық жұмыстары пандемия жағдайында жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың екі нұсқасы қарастырылуда, дәстүрлі, сондай-ақ дистанциялық режимде туралы айтып берді. Суда балалардың проблемаларын болдырмау және оқушыларды жүзуге үйрету қажеттілігі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженеры Е.Ч. Тоқтарбеков сөз сөйледі.

   Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы А. О. Балтабаева құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау шаралары туралы айтып берді. Өз сөзінде ол балалардың жарақаттануына жол бермеуге, скутерлері бар оқушыларды бақылауға алуға назар аударды және ата-аналарға автокөлік пен мото көлік рөлінің берілуіне тыйым салу туралы еске салды. Аудандық аурухананың педиатр - дәрігері М.С. Чужаева жазғы кезеңде балаларды сауықтыру жөнінде сөз сөйледі.

   Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кәуіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Д.Т. Смағұлова балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және өткізу, тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, ауыз су тәртібі туралы ережелерді еске салып, сұрақтарға жауап берді. Семинар соңында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

 

Сайтқа кіру

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31