1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше39
Апта151
Ай1126
Барлық күндері61915

Жаңалықтар

«Ауыл оқушыларына арналған болашақ мамандықты таңдау бойынша кәсіптік бағдар»

 

    2020 жылдың 8 қазанында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі «Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ және «Бірге» ҚҚ қолдауымен «Bilim» бағытындағы «Ауыл мектептерінің оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға кәсіптік бағдар беру» волонтерлік жобасын бірлесіп іске асырды.

   Кәсіби бағдар беру жұмысының модераторлары «Тәлімгер» ЖҚБ психологы Серіков Алтынбек болды. Бірлестік төрағасы Сарбасов Жанат Амангелдіұлы кәсіптік бағдар беру жұмысының әрбір басталуы алдында осы жобаның негізгі мақсаты туралы айтып берді. Бұл жобаның негізгі мақсаты ауыл оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға және ҰБТ мен емтихандарға дайындық кезінде психологиялық көмек көрсету.

   Онлайн алаңда ауыл мектептерінің оқушылары мамандықтарға, жетістіктерге, сондай-ақ емтихан мен ҰБТ алдында күйзелісті қалай жеңуге қатысты сұрақтар қойды.

   Білім беру процесіне қатысты барлық сұрақтарға колледж өкілдері толық жауап берді: оқу қызметінің режимі, стипендиялар төлеу, колледждің қалалық деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысуы, түлектердің талап етілуі және жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды.

   Оқушылар колледж студенттерінің мәдени-бұқаралық, спорттық, бос уақытын өткізу қызметі туралы ақпарат алды. Психологиялық қолдауға қатысты сұрақтарға моральдық дайындық сұрақтары бойынша психолог жауап берді.

   Психолог тақырыбының негізгі екпіндері оқушыларға емтихандарды сынақ ретінде емес, өзін дәлелдеуге, бір жылдағы бағаларды жақсартуға, емтихан тәжірибесін алуға, мұқият және ұйымшыл болуға мүмкіндік ретінде қабылдау керектігін түсіндірді.

   Бұқаралық іс - шараларды өткізу бойынша шектеу шараларына байланысты колледж өкілдері мен Железин ауданы мектептерінің оқушыларының кәсіптік бағдар беру кездесуі ZOOM платформасында бейнеконференция форматында өтті.

 

Сайтқа кіру

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31