1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше41
Апта129
Ай102
Барлық күндері63039

Жаңалықтар

«DARYN ECOART» байқауы

    Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 23 қазанда 1-6 сынып оқушылары арасында "DARYN ECOART" республикалық экологиялық суреттер мен көркем қолөнер конкурсының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

   Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

* Туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбындағы үздік сурет байқауы;

* Өңделген материалдардан, қалдықтардан және т. б. жасалған үздік көркем қолөнер конкурсы

   Үздік сурет конкурсына 1-4 сынып оқушылары қатысты (6 жастан 10 жасқа дейінгі). Әр қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, табиғат көріністеріне, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар сериясын ұсынды.

   5-6 сынып оқушылары арасында (11-13 жас санатында) үздік көркем қолөнер байқауы өткізілді. Жұмыстар мынадай критерийлерге сәйкес болуы тиіс: авторлық ойды ашудың толықтығы; идеяның бірегейлігі, шығармашылық тәсіл; орындау техникасының деңгейі, жұмысты ресімдеудің эстетикасы, сондай-ақ орындалған жұмыстың сапасы (беріктік, орнықтылық).

   Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 104 оқушы қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 59 оқушы Павлодар облысы білім басқармасының дипломдарымен, оның ішінде I дәрежелі - 14, II дәрежелі – 19, III дәрежелі– 26 дипломдарымен марапатталды.

   Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына конкурсқа қатысушының сертификаттары табыс етіледі, үздік жұмыстар "DARYN ECOART"суреттер мен қолдан жасалған бұйымдардың республикалық экологиялық конкурсына жіберіледі.

   «DARYN ECOART» республикалық экологиялық суреттер мен көркем қолөнер байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі». Үздік сурет байқауы «Пейзаж», «Железин балалар өнер мектебі» МҚКК - Ашимжанова Бибинур 1 орын, «Менің Отаным» Железин №3 ЖББОМ 1 сынып оқушысы - Джаксыбеков Хасен 2орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31