1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше67
Апта283
Ай1017
Барлық күндері54428

Басты мақсатымыз – баянды білім беру

 

«Білік біліп –төрден орын аларсың,

Білік білсең, күшті, берік адамсың.»

Ж.Баласағұн.

 

   Бүгінгі таңда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесі басты назарда тұр. Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің маңыздылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде.

   2016 жылдың 31 казан -5 қараша аралығында Железин ауданы, Башмашын орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мектеп координаторы С.Ж.Мусалимованың жетекшілігімен білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін еңгізу бойынша оқыту курсы өтті. Курс өткізудегі негізгі басты мақсаты: критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделгенін,критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылатынын түсіндіру. Тыңдаушылармен жүргізілген жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделген. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.

   Жаңартылған білім беру бағдарламасы Тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді.Тілдік мақсат үш тілде оқытудың коммуникативті дағдыларын дамытуды қолдау болып табылады.

   Жаңа мазмұнды білімнің тиімділігін түсінген тыңдаушылар жаңа-лықты жақсы қабылдады. Курс барысында оларда теориялық білімдері практикамен ұштаса отырып, білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптасқаны айқын байқалды. Мұғалімдер игерген жаңа мазмұнды бағдарламадан алған әсерімен ой бөлісті.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.В.Шевченко:

– Мен үшін бұл курстың маңыздылығы өте жоғары. Курс оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды үйреніп жатырмыз.

Математика мұғалімі А.А.Кулмаганбетов :

-Үйреніп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері көп екен.

Тарих пәні мұғалімі А.С.Шелудько :

– Курстан алған білімді болашақта педагогикалық тәжірибемде толық қолданамын. Үйренген белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігіне көзім жетті. Педагогикалық шеберлігімді ұштайтын мазмұнды әдістермен қаруландым. Менің оқу үдерісіне жаңаша көзқарасым қалыптасты.

   Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын.

Сайтқа кіру

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29