«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсы
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2020 жылғы 20 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІI республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Конкурска облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 80 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын - 52, орыс тілінде - 28.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).
«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен – №3 Железин ЖОББМ 10 сынып оқушысы Серикбай Диляра марапатталды.