1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше38
Апта277
Ай970
Барлық күндері42307

 

 

     Жыл сайын Қазақстанда 2008 жылдан бері республикалық «Мектепке жол» акциясы жүргізіліп келеді.

   Ағымдағы жылда «Жүректен жүрекке» ұранымен бір ай бұрын басталды, 2019 жылдың 1 шілдесінде. Акцияның мақсаты- әлеуттік себептерге байланысты балалардың мектепке бара алмауын ескерту және жаңа оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған, жетім балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға материалды көмек көрсету.

   Акция шеңберінде оқу орындарында, мектеп жәрмеңкелерінде, әкімдердің, жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен қайырымдылық күндері, мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша ақпараттық-түсіндірме іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

 

 

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар білім беруде облыстық конкурсы

   Конкурс білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған. Оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданудың озық тәжірибесін тарату мақсатында бірнеше бағыт бойынша 132 жоба ақтық кезеңге жолдама алды.

   Web-сайт білім беру ұйымдарында оқыту әрекеттерін ақпараттық және интернет желісі арқылы оқу процесі мен тәрбие жұмыстарын жүргізу қорларын қолдау құралы бағыты бойынша мектебіміздің сайты сынға түсті.

   Конкурс жұмысын қорғауда қосымша келесі ұстанымдар ескерілді: тұсаукесердің құзыреттілігі, шешендік шеберлік (композиция, жұмысты ұсыну толықтығы, нәтижелігі, дәлелдігі, уақытты сезінуі, аудиторияның көңілін аудару), жобаны таныстыру үйлесімділігі (техникалық және ұйымдастырушылық дайындық).

   Мектеп сайтының барлық беттерінің мазмұны бойынша ұсынылған оқу материалдарының толықтығы мен тыңғылықтылығы, стилистикалық тұтастығы, рәсімделуі, оқылуы, мультимедиалылығы, фото, видео сапасы, сайт бойынша навигациялық ыңғайлылығы, оқушылар мен ата-аналарға қажет ақпараттарды ұсыну жұмыстары мектеп әкімшілігінің жетекшілігімен Web-сайтқа қойылған талаптарға негізделе отырып жасалды.

   Білім беру процесіне жаңа педогогикалық және ақпараттық технологияларды, жобаларды енгізу тәжірибесі мен әдістерімен бөлісу, облыстық ақпараттық білім беру кеңестігінің дамуына ықпал ету негізінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» конкурсынының облыстық кезеңінде «Web-сайт білім беру ұйымдарында» жобасы сәтті қорғалып, мектеп сайты ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30