1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін11
Кеше12
Апта163
Ай477
Барлық күндері60492

Мектеп ішінде «Достық» атты тренинг өтті

   «Ел бірлігі- ең асыл қасиет. Бірлік, достық, ынтымақ, сабырлылық пен парасатыллық, ең алдымен өзімізге-қазақтарға керек» деп көрегендікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халқының бірлігі, достығы. Ал еліміздің болашағы біздің оқушыларымыз. Сондықтан оқушылардың бойында нағыз достыққа тән қасиеттер болуы керек.

   Әрине, достық деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Достық деген - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Міне, осындай достық сезімді біз өз оқушыларымыздың бойына сіңіреміз. Осындай адам бойындағы адамгершілік құндылықтарды үйрететін өзін-өзі тану пәнінен мен оқушылармен «Достық» атты тренинг өткіздім. Бұл тренингтің мақсаты: тұлғаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айта отырып, адамгершілікке, имандылыққа, адалдықты, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету болды. Бұл тренинг барысында оқушылар өз ойларын толық жеткізе білді. Достықтың не екендігін, адал дос қандай болу керектігін түсінді. Тренинг барысында «Нағыз дос» тақырыбына эссе жазып, дос туралы мақал- мәтелдерден «Достық.Бірлік» үйін тұрғызды. Сонымен қатар күннің көзін достық шуақтарымен толтырды.
Әрине бүгін көк қағаз билеген заманда жастар өз құндылықтарымызды, достығымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Міне осыған байланысты әр түрлі жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін айта білді. Тренинг соңында сабақтан алған әсерлерін «Бес саусақ» әдісі бойынша жазып көрсетті. Оқушылар «Дос туралы жыр» атты әнмен аяқтап «Достық» гүліне қол жеткізді.
   Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша уақыт өтседе ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік дегім келеді.

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30