1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше12
Апта162
Ай476
Барлық күндері60491

Сеит Бегежанұлы Бегежанов

   Сеит Бегежанұлы Бегежанов 1917 жылы Павлодар қаласы Қазақ ССР дүниеге келді. 1932 жылы жетіжылдықты бітіріп, Павлодар педагогикалық техникумына қабылданды. 1939 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін, халық білімінің Министрлігімен Павлодар педагогикалық училищесіне педагогикалық жұмысына жіберілді. Павлодар педагогикалық училищесінде 1939 жылғы маусым айынан бастап, 1939 жылғы қараша айына дейін еңбек етіп, әскери борышын өтеуге шақырылды. 1939 жылғы қараша айынан 1940 жылғы мамыр айына дейін Баку қаласындағы 75 СП 324 полк мектебінде оқыды. 1941 жылғы тамыз айынан бастап 1942 жылғы желтоқсан айына дейін Ташкент қаласындағы Фрунзе атындағы әскери Академиясында тыңдаушы болды. Академиядағы курсты бітіргеннен кейін Мәскеу қаласының Дала майданына жіберелді, сол жерде штаб бастығының бірінші көмекшісі ретінде жұмыс атқарды. І және ІІ Украин фронттарында соғысты. Батыс Европаны, Праганы, Варшаваны соғыспен өтіп, Берлинге дейін жетті, Рейхстагты шурммен алуға қатысты. Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордендерімен марапатталды. 1946 жылы капитан атағында соғыстан оралды. 1945 жылынан бастап 1948 жылғы маусым айына дейін КП/б/ Павлодар қоғам комитетінің насихаттау және үгіт бөлімінде нұсқаушы болып істеді. 1948 жылы Павлодар облысы, Михайловка ауданы, Талапкер орта мектебінде директор болып жұмыс істеді. 1948 жылынан бастап 1949 жылғы тамыз айына дейін Михайловка ауданның білім болімңің бастығы болып қызмет етті. Железин ауданында Талапкер орта мектебі, содан кейін Еңбекші орта мектебінің директоры болды. Мектепте география пәнінен сабақ берді. Санитарлық нұсқаушы - Татьяна Афанасьевна Трушпен отау құрып, 10 бала тәрбиеледі. Қыздары, немерелері педагогикалық қызметте жұмыс істейді.

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30