1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін36
Кеше67
Апта285
Ай1019
Барлық күндері54430

Бекмұхамбетов Алыбай

   Бекмұхамбетов Алыбай 1924 жылдың қаңтар айында Есқара ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасында Урлютюб әскери бөлімшесімен әскер қатарына шақырылған. 1942 жылдың ақпан айында сержанттар курсын бітірген жас жауынгер 163-ші атқыштар дивизиясының 529-шы атқыштар полкіне қабылданады. Осы полкпен 1942 жылдан 1944 жылдың қазан айына дейін талай қиян-кескі ұрыстарды басынан өткізеді. Майданда алдыңғы шепте болады. Орел-Курск, Белгород түбіндегі шайқастарға, Смоленск, Плоцк жерін азат ету жолындағы жорықтарға қатысқан. Сол бір қиян-кескі соғыс жайында есіне алғанда: «Ол кезде мен взвод командирінің көмекшісі едім. Полоцк қаласының жанында кескілескен ұрыс болды. Сол ұрыста қолымнан жараланып, госпиталға түстім. 1944 жылдың қараша айында госпиталдан шыққансын 30 атқыштар дивизиясының 256-шы атқыштар полкінде Прибалтика жерін азат етуге қатыстым. Рига қаласын азат етуге қатысқан сұрапыл ұрыста бір снарядтың жарылысынан кейін қатты жараланып, госпиталда бірақ есімді жидым. Бұл менің төртінші рет жаралануым еді, - деген болатын ардақты ардагер Алыбай ақсақал.

Сайтқа кіру

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29