1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше12
Апта162
Ай476
Барлық күндері60491

Мұхаметкали Даулетов

   Мұхаметкали Даулетов «Қарағаш» ауылының тумасы, осы ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, әке-шешесі баласының одан әрі оқығанын қалап, «Есқара» ауылындағы Талапкер орта мектебіне береді. Әкесі Қабыланов Даулет пен анасы Ханым жалғыз ұлдың ұстаз болғанын қалайды. Өздері көкірегі ояу, сауатты жандар болған. Әке-шеше ақылымен Павлодар пелагогикалық училищесін бітіріп, мұғалім болады. Әрине оны соғыстан кейін бітпеген курстарын аяқтайды. Училище қабырғасынан 1939 жылы елімізде жаңа қабылданған «Жалпыға бірдей әскери қызмет туралы» заңға сәйкес жұмысшы - шаруа Қызыл Әскері қатарына шақырылады. Әуелі Краснояр өлкесі, Ачинск қаласында әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Ленинградтағы саяси қызметкерлер училищесінде төрт айлық курстан өткен соң, Ульяновскідегі танк училищесіне жіберілді. Содан фин соғысына кіші офицер шенімен қатысады. Фин соғысында алғашқы сәтсіздіктерге де тап болады. Биіктігі бір метрге жуық қарда танкпен шабуылдау да оңайға түспеді. Әйтеуір, кейін шегініп, қысқа даярлықтан соң, қайта шабуылға көтерілген танк полкі Маннергейм шебін бұзып өтеді. Соғыста осылай аяқтаған кеңес әскерлері Ленинград маңына қайта әкелінеді. Әскери міндетін жалғастырып жатқан Мұхаметқалидың енді үйге қайтуға аз уақыт қалды деген қуанышты үміті үзілді. Батыста Гитлерлік Германия Соғыс ашты.

   Ұлы Отан Соғысына бұл жолы Мұхаметқали Даулетов танк взводын басқарып енеді. Ленинград майданында танк ротасының саяси жетекшісі, кейін бірінші, екінші Беларус майдандарында танк батальонының командирі болып, талай жорық жолдарынан өтеді. Ақыры Рейхстахқа шабуылмен соғысты Берлинде аяқтайды. Жерлесі, әріптесі Иманәлі Бектұровпен Рейхстахқа тура оқ атқандардың қатарында болды. Танк үстінде тұрып, Рейхстаг қабырғасында қолтаңбаларын қалдырған жеңімпаздар болатын.

   Батыста соғысты жеңіспен аяқтаған Мұхаметқали Даулетов қызмет еткен полкы енді шығысқа, империалистік Жапонияға қарсы соғысқа енді. 1945 жылыдың 8 тамызында Гоби шөлі арқылы маршпен өткен танк полкы Манчьжурия шекарасында жапондардың шебін бұзып, бір миллион сарбазы бар Квантун армиясымен ұрысты бастайды.

   Шығыстағы жауды тысқара қуып, Харбинге жетіп, соғысты осында аяқтайды. 1946 жылы күзде әскер қатарынан босап, елге оралды. «Қарағаш» ауылында мұғалімдік қызметін бастайды. Павлодар педучилищесіндегі аяқталмаған курстарын сырттай оқып жалғастырады. Сонан соң Өскемен педагогикалық иститутын сырттай оқып бітіреді. Соғыстан кейін Жаңаталап бастауын басқарады, сонан соң көрші «Екішоқ» ауылындағы орталау мектептің директоры болады.

   Мұхаметқали Даулетов, мен соғысқа қатыстым, жауды жеңдім деп кеуде керіп, мақтанған жан емес. Соғыс жайлы әңгіме болса, оның халқына келтірген екселін, қасіретін айтатын. Ал, сол қарапайым мұғалім-жауынгердің омырауында екінші дәрежелі Отан соғысы ордендері, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марпатталған. Соғыстан кейінгі өмірі ұстаздықпен өткізген Мұхаметқали Даулетовтың бұл дүниеден өткеніне отыз жыл болып қалды. Соңында қалған екі ұлы ер жетіп, азамат болды. Ермек Екібастұзда, Теміржол депосында мастер, спорттың таэквандо түрінен спорт шебері. Темірболат әке жолын қуып, ұстаз болды. Есқара ауылындағы орта мектептің директоры болса, қазір Железинкадағы № 3 мектебінің директоры. Көзі тірісіндегі көре алмаған немерелері өсіп келеді.

Сайтқа кіру

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31