1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше12
Апта162
Ай476
Барлық күндері60491

Кеңес Одағының Батыры И.В.Бабиннің жеңісіне – 73 жыл.

   Железин жалпы білім беру №2 орта мектебінде 13 қыркүйек күні біздің жерлесіміз, өзінің ұрпақтарының бақытты өмірі үшін өз өмірін оққа қиған Кеңес Одағының Батыры И.В.Бабиннің жеңісінің 73 жылдығына арналған салтанатты жиынмен басталды.

   Иван Васильевич Бабин 1899 жылы дүниеге келген.10 жасында әкесі қайтыс болды, осыдан бастап оның еңбек жолы басталды,Соғысқа дейін егістікте бригадир болып, кейін аудандық білім бөлімінде есепші болып жұмыс істеді.

   1941 жылдың соңы. Иван Васильевич Қызыл Әскер қатарына шақырылды, бөлімше командирі болып, бірінші гвардиялық дивизияның қатарында үш жыл бойы соғыс соқпақтарынан өтті.

   Польшаны жаудан құтқаруда Конт деревнясының түбінде И.В.Бабин үнемі алғы шепте жүріп, жауынгерлерге үлгі көрсетіп қуаттандырып отырды.Бабин өз автоматымен 17 неміс солдатын және 2 офицерін өлтіріп, жау дзотының амбразурасын өз денесімен жауып үнін өшірді.Жерлесіміз осындай ерліктер көрсеткені үшін Үкіметіміздің жоғары марапаты Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

   И.В.Бабиннің есімі тек Қазақстанда ғана емес, Украинаға, Белоруссияға, Ресейге де әйгілі.

   Біздің батырымыздың ерлігінің алдында, біздің бейбітшілік өміріміз үшін жандарын қиған барлық басқа батырлардың алдында басымызды иеміз.

   Қан майданнан қатпаған батырларымызды бір минут үнсіз еске алу өтті, соңынан 1-11 сынып оқушылары Кеңес Одағының Батыры И.В.Бабиннің ескерткішіне гүлдер қойды.

   Кеңес Одағының Батырыларына арналған бір апта бойына түрлі іс шаралар өткізілді. 3-4 сынып оқушылары арасында «Олардың есімдері біздің селомыздың көшелерінде» тақырыбымен велоэкскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар батырлардың есімімен аталған Ледовской, Квитков, Бабин көшелерінен өтіп Батырларға құрмет көрсетті.

   Мектептің бастауыш звеноларында мектеп мұражайында экскурсия ұйымдастырылып, балаларға соғыс Батырына арналған экспозиция ұсынылды. Батырларға арналған апталық әрбір сыныпта сынып жетекшілерінің Кеңес Одағының Батыры И.В.Бабиннің өмірбаяны және ұлы ерліктерімен толық таныстыруымен аяқталды.

   Қаншама жылдар және онжылдықтар өтсе де ұрпақтарының бейбіт өмірі, келешегі үшін кеуделерін оққа тосып, бастарын өлімге қиған Ұлы Батырларға, Ұлы Жеңіске қайта және қайта ораламыз.

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30