1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше36
Апта175
Ай654
Барлық күндері60669

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша

білім беру ұйымдары үшін

ЖАДНАМА  

  

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: - білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу); - барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

 

Толығырақ...

callcentrDO kz

Железин ауданының мектептерінде ыстық тамақпен ұйымдастыру

   2019-2020 оқу жылында ауданда 29 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 13 орта, 16 негізгі. 19 мектепте асханалар типтік, 10 мектепте бейімделген. Барлық бейімделген асханаларда ас үй аймақтары мен тамақтану залдары бөлінген.

   Барлық мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Жалпы орын саны - 1161. Оның ішінде бейімделген асханаларда – 205.

   Асханалық ыдыспен қамтамасыз ету 100%, технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету 90% құрайды. Мектеп асханаларының материалдық базасы жыл сайын толықтырылып, жаңартылып отырады. Оқушыларға сапалы ыстық тамақ беру және тиісті бақылауды ұйымдастыру мақсатында аудан мектептерінде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтар шығарылады.

   Ас мәзірінің ассортиментін, азық-түліктерді салу, дайын өнімнің сынамаларын алу, сондай-ақ оларды тәуліктік сақтауды тамақтану бойынша жауапты медбикелер және мектеп директорлары жүргізеді және бақылайды. Тамақ өнімдерін жоспарлы әкелу және дұрыс бөлу қамтамасыз етіледі.

   Барлық мектептерде ас блогының қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мектептерде аспазшылардың штаттық бірлігі бар және олар уақытылы медициналық тексеруден өтеді, тиісті рұқсаты бар, арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

   Оқушылар контингенті 2138 оқушыны құрайды. Ауданда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыруға бюджет қаражатын аудару қамтамасыз етіледі. 2019 жылғы 27 қарашадағы ыстық тегін тамақпен 666 оқушы қамтылған (31,2 %), оның ішінде 640 бала аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан және 26 жетім және қамқорлыққа алынған балалар.

Жалпы білім беру қорынан бөлінетін тегін ыстық тамақтың орташа құны 370 теңгені құрайды.

   Аудан мектептері үшін мектептік тамақтанудың бірыңғай 4 апталық ас мәзірі бір реттік мектептік тамақтану нормаларын есепке ала отырып жасалынады.

Тағам түрлері әртүрлі, ет, балық тағамдары, көкөністер мен жемістер бар. 2015 жылдан бастап мәзірге бал қосылды.

        

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша

   2014 жылдан бастап депутаттардың бастамалары мен мектеп директорларының ұсыныстары бойынша тамақтану сапасына әсер ететін, сондай-ақ мектеп директорларының қызметтерді жеткізіп берушілерге тікелей бақылау жүргізу мүмкіндігінің болмауынан орын алған бағалар демпингіне байланысты қызметтерді, тауарларды жеткізіп берушілерді таңдау, мемлекеттік сатып алу жүйесінен алынып тасталды.

   Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталған (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрық).

   Балалардың тамақтану сапасына кепілдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қағидаларда білікті қызметкерлер штаты бар (жұмыс тәжірибесі, аспазшылардың біліктілігі, технолог, диетолог, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерін өздігінен өндірісінің бар болуы, энергия үнемдеу жабдықтарының бар болуы) аталған қызметті көрсетуге аса дайын жеткізіп берушіні таңдауға мүмкіндік беретін критерийлер қарастырылған.

   2018 жылдан бастап азық-түлік өнімдерін сақтау шарттарына, жасалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі енгізілген.

Толығырақ...

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30