1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше38
Апта277
Ай970
Барлық күндері42307

 

 

     Жыл сайын Қазақстанда 2008 жылдан бері республикалық «Мектепке жол» акциясы жүргізіліп келеді.

   Ағымдағы жылда «Жүректен жүрекке» ұранымен бір ай бұрын басталды, 2019 жылдың 1 шілдесінде. Акцияның мақсаты- әлеуттік себептерге байланысты балалардың мектепке бара алмауын ескерту және жаңа оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған, жетім балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға материалды көмек көрсету.

   Акция шеңберінде оқу орындарында, мектеп жәрмеңкелерінде, әкімдердің, жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен қайырымдылық күндері, мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша ақпараттық-түсіндірме іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

 

 

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 2018

2018 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық!

 

   Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезіндегі пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек. Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат. Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндері бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді. Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.

 

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

• әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, 15 жабық түрдегі тест тапсырмасы;

• әдебиеттік оқу пәнінен оқу сауаттылығын бағалау үшін мәтіндік тапсырмалар енгізілген. 4-сынып бойынша максималды балл – 30 балл.

 

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

• Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

• Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы: - 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы; - 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы. 9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

 

11-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

• 1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;

• 2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде: - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы; - берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы. 11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

 

Тест тапсырмаларының бағалануы:

• бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;

• бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;

• бір қате жіберілсе – 1 балл;

• екі немесе одан да көп қате – 0 балл.

 

Спецификациялар

4 сынып

9 сынып

11 сынып

 

Тест тапсырмалар үлгілері

4 сынып

9 сынып

11 сынып

Сайтқа кіру

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30