1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін31
Кеше23
Апта80
Ай489
Барлық күндері64168

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша

білім беру ұйымдары үшін

ЖАДНАМА  

  

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: - білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу); - барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

 

Толығырақ...

callcentrDO kz

Аудандық Абай оқулары

   «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе»-дегендей, аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2015 жылдың 16 наурызында оқыту тіліне қарамастан        Железин №3 орта жалпы білім беру мектебінің негізінде аудандық Абай оқулары өтті. Бұл сайысқа аудан көлеміндегі Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын жатқа білетін, мәнерлеп оқитын 48 оқушы қатысты.

   Сайыстың бірінші номинациясы бойынша - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»- 1-ші орынды Жаңа жұлдыз ЖББОМ 10 сынып оқушысы Айдарханова Ләззат иеленсе, екі 2-ші орынды Железин №3 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Чужаева Айсұлу және Есқара ЖББОМ 10 сынып оқушысы Бейсембаева Динара бөлісіті. 3-ші орынның бірін Железин №3 ЖББОМ 5 сынып оқушысы Дюсембинова Индира иеленсе, бірі Железин №1 ЖББОМ 5 сынып оқушысы Купеева Айманға бұйырды.

   «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Железин №2 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Солтанова Айжан иеленсе, 2-ші орын Абай ЖББНМ 7 сынып оқушысы Шарипова Дильнараға бұйырды, 3-ші орын Железин №3 ЖББОМ 8 сынып оқушысы Тлегенова Тамирис иеленді.

   «Жүйректен жүйрік озар жарысқанда» бағытында 1-ші орынға Железин №3 ЖББОМ оқушысы Мұғамар Айдана шықса, 2-ші орынды Жаңа жұлдыз ЖББОМ оқушысы Оразбай Арианна және Абай ЖББНМ оқушысы Ульжабаев Жәнібек иеленді, ал 3-ші орын Михайловка ЖББОМ оқушысы Ахметова Камила мен Есқара ЖББОМ оқушысы Қайырбекова Сания бөлісті. Жүлделі орын иегерлері грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды

Республикалық конкурстың жеңімпаздары «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы»

   «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығынмен Астана қаласында 2015 жылдың 28 қаңтар – 28 ақпан аралығында «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты жас мұғалімдер сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа білім беретін мекемелердің жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі жас ұстаздар қатысты. Михайлов ЖББОМ-нің шет тілдер мұғалімі Друзик Лариса Сергеевна және мемлекеттік тілде білім беретін бастауыш сынып мұғалімі Жәлелова Дария Жәлелқызы қатысып, ІІІ орынға ие болды.

   Жас мұғалімдер конкурсқа ашық сабақ конспектілерін, тұсау кесулерін, сонымен қатар қазіргі әдіс-тәсілдер мен білім беру жолдарының, оқушылардың шығармашылық әрекетінің сипаттамаларын ұсынды.

   Жеңімпаздарды құттықтаймыз!  

«Еріктілер әнұраны»

   Облыстық М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы . «Еріктілер әнұраны» интернет – сайыс өткізді.

Мақсаты: интернет- сайыс еріктілердің әнұраны шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасауы, сонымен қатар оң еркін қызметке белгілейді.

Осы сайысқа Михайлов ОЖББМ 7 сынып оқушысы Зайцева ирина қатысып, Павлодар облысының оқушылары арасында II орын алды. 10-30 сәуір күндер аралығында « Үміт сәулесі » кешенді жобаның жабуында жеңімпаздардың марапаттауы өтеді.  

Алдын-алу семинар-тренингі

   Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 13 наурызында Железин№3 ЖОББМ базасында мектеп психологтарына арналған «Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу» тақырыбындағы семинар өткізілді.

   Ең алдымен «Жасөспірімдер арасында өз-зіне қол жұмсауды алдын алу туралы» білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері, Н.Н.Булатбаев «Проблема суицида среди учащихся учебныхзаведений: организационно-профилактический и психологический аспекты» тақырыбындағы слайдтық сүйемелдеуімен қоса баяндады. Жаңа жұлдыз ауылының ЖББОМ психологі Ж.Б. Касанова «Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында баяндама жасады. Михайловка ЖОББМ психологы Н.А.Терманова Бірінғай ұлттық тестлеуге дайындық жұмыстары кезінде қандай психологиялық қолайлы жағдайлар жасау туралы айтып берді. Веселая роща мектебінің психологы Е.Н.Бонова өзінің педагогикалық шығармашылық жұмысы туралы есеп беріп, әр-түрлі конкурстарға, семинарларға белсенді қатысуға ұсыныс жасады.

   Семинар бітер алдында ұсыныстар берілді.

Аудандық бірлескен семинар

   Аудан білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 3 наурызында Железин №1 орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау, құқықбұзушылық алдын алу» тақырыбында аудандық семинар өткізіледі.

   Директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған семинарға аудан прокуроры және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. Аудан прокуроры Қ.С.Атыгаев «Кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» туралы дәріс оқыды, ішкі істер бөлімінің қызметкері А.О.Балтабаева «Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау, құқықбұзушылық алдын алу» туралы баяндама жасады.

   Білім бөлімінің әдіскері Н.Н.Булатбаев «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық санын төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс туралы» сөз сойледі. Железин №1 ЖББОМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Ф.Ставрова «Мектептің сәтсіз отбастарымен жұмыс жұйесі бойынша» және Т.П.Праслов атындағы Прииртыш ЖББОМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Л.И.Левченко «Мектептегі оқушыларды патриоттық және адамгершілік сезімге тәрбиелеу бойынша» баяндады.

Семинар бітер алдында ұсыныстар берілді.

Сайтқа кіру

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31