1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін32
Кеше23
Апта81
Ай490
Барлық күндері64169

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша

білім беру ұйымдары үшін

ЖАДНАМА  

  

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: - білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу); - барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

 

Толығырақ...

callcentrDO kz

Бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары

   2015 жылдың 6 қарашада Железин ауданының Железин №2 ЖББОМ негізінде «Оқу кеңістігінде мұғалім мен оқушының коммуникативтік ара қатынасы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері үшін аудандық семинар өткізілді. Семинар жұмысына ауданның 30-дан астам мұғалімдері қатысты. Бастауыш мектепте оқу пәндерін оқытуда құзыреттілік әдісі мәселесі туралы жұмыс тәжірибесімен Новимр ЖББОМ мұғалімі Елена Викторовна Бурлак бөлісті.

   Железин №2 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық шығармашылық тобының мүшесі – Крестьянинова Ирина Николаевна «Критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг соңында семинар қатысушылары критерий бойынша бағалау мұғалімдер мен балалар үшін ыңғайлы және бағалау критерийлері тексеріс жұмыстарын бастар алдында таныстырылуы қажет, сонымен қатар олар оқушылармен бірге құрастырылуы мүмкін деген қорытындыға келді.

   Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдермен бірлесе отырып нұсқаулар шығарылды.

Жылдың үздік психологі

   2015 жылғы 9 қазанда облыстық білім беру басқармасының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс қорытындылары бойынша Железин ауданы Веселороща ЖОМ психологі Бонова Елена Николаевна ІІ орынға ие болды. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломдарымен марапатталды. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланады және тәжірибеге енгізуге ұсынылады.    Республикалық конкурс 2015 жылғы 4-5 қараша күндері Балқаш қаласы №15 мектеп-лицей базасында өтті. Конкурсқа Қазақстанның білім беру ұйымдарының 75 психологі қатысты. Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған 5 психолог қорғады. ІV республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Железин ауданы Веселороща жалпы орта білім беру мектебінің психологі Бонова Елена Николаевна ІІ орынға иеленді.

Мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасы

   2015 жылғы 27 наурызда Инновациялық Еуразия университетінде мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы болып табылады. Олимпиадаға 243 ұстаз қатысты. Қазылар алқасы құрамында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразия университетінің ғалымдары мен оқытушылары, Инновациялық орталық әдіскерлері, облысымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің озық ұстаздары жұмыс жасады.

   2015 жылғы олимпиада ерекшелігі – Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен ұштастырылған сұрақтардың болуы. Олимпиада қорытынды бойынша ІІІ дәрежелі дипломімен және бағалы сыйлықпен марапатталған Железин №2 ЖББОМ орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Дерунова Екатерина Николаевна.

   Білім бөлімі Екатерина Николаевны еңбегіне лайық жеңіспен құттықтайды! Ары қарай шығармашылық жетістіктерге жетуге тілейміз! 

Аудандық Махамбет оқулары

   Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2015 жылдың 31 наурызында Железин №3 орта жалпы білім беру мектебінің негізінде аудандық Махамбет оқулары өтті. Бұл сайысқа аудан көлеміндегі Махамбет өлеңдерін жатқа білетін, мәнерлеп оқитын 15 оқушы қатысты.

   Сайыстың бірінші номинациясы бойынша - «Қайратты туған ер еді...»- 1-ші орынды Железин №3 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Чужаева Айсұлу иеленсе, 2-ші орынды Алакөл ЖББОМ 8 сынып оқушысы Караталова Наргис иеленді. 3-ші орын Железин №2 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Жазыбаева Данелге бұйырды.

   «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағытында 1-ші орынға Абай ЖББНМ оқушысы Ульжабаев Жанібек шықса, 2-ші орынды Железин №3 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Кусаинова Айнара иеленді, ал 3-ші орын Железин №2 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Солтанова Айжанға бұйырды.

  Аудандық оқуларда бірінші орынға ие болған оқушыларымыз облыстық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің грамоталалары мен сыйлықтармен марапатталды. 

Аға тәлімгердің тәрбие жұмысында кейс-техологиясын қолдану

    2015 жылдың 19 наурыз күні сағат 11.00-де Железин №2 ЖББОМ базасында «Аға тәлімгердің тәрбие жұмысында кейс-техологиясын қолдану» атты аудандық семинар өткізілді. Семинар Железин №2 ЖББОМ, Железин №3 ЖОББМ, Т.П.Праслов атындағы Прииртыш ЖББОМ «Жас Ұлан» БЖҰ-ның жұмысынан «Тәлімгердің әдістемелік жүйесі» аясында өткізілді.

   Сынып-шеберің Железин №2 ЖББОМ Титченко Е.А., Железин №3 ЖОББМ Фахирслямова Р.Н., Т.П.Праслов атындағы Прииртыш ЖББОМ Казанцева Л.Н. аға тәлімгерлері өздерінің ұйымының жұмысы туралы көрме ұйымдастыруымен, презентация қолдану арқылы көрсете алды. Железин аудандық «Родные просторы» газетінің тілшісі А.К.Булатбаева мектепшілік баспа орталығының жұмысы туралы слайдтық сүйемелдеуімен қоса баяндады.

   Білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Н.Н.Булатбаев «Аға тәлімгердің тәрбие жұмысында кейс-техологиясын қолдану» туралы түсіндіру жұмысын өткізді. Семинар бітер алдында ұсыныстар берілді

Сайтқа кіру

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31