1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін19
Кеше27
Апта371
Ай1305
Барлық күндері36288

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша

 

   2014 жылдан бастап депутаттардың бастамалары мен мектеп директорларының ұсыныстары бойынша тамақтану сапасына әсер ететін, сондай-ақ мектеп директорларының қызметтерді жеткізіп берушілерге тікелей бақылау жүргізу мүмкіндігінің болмауынан орын алған бағалар демпингіне байланысты қызметтерді, тауарларды жеткізіп берушілерді таңдау, мемлекеттік сатып алу жүйесінен алынып тасталды.

   Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталған (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрық).

   Балалардың тамақтану сапасына кепілдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қағидаларда білікті қызметкерлер штаты бар (жұмыс тәжірибесі, аспазшылардың біліктілігі, технолог, диетолог, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерін өздігінен өндірісінің бар болуы, энергия үнемдеу жабдықтарының бар болуы) аталған қызметті көрсетуге аса дайын жеткізіп берушіні таңдауға мүмкіндік беретін критерийлер қарастырылған.

 

Толығырақ...

  

Қауіпқа Назар аударыныз!!!

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:

- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;

- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;

- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.

Толығырақ...

 

 

Жаңа жылдың кереметі

   Ересектердің де, балалардың да ең сүйікті мерекесі – Жаңа жыл. Сондықтан, аталмыш шараға дайындық Жаңа жыл мерекесі келмей отырып, ерте басталды.

   27 және 29 желтоқсан аралығында мектебімізде бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Жаңа жыл шыршалары» өткізілді. Дәстүр бойынша, мерекелік шараны шағын орталық пен мектепалды даярлық топтың балалары ашты. Шағын орталықтың кішкентай тәрбиеленушілері ерекше қызығушылықпен ойын ойнап, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен, Аяз атамен және Ақашақармен бірге ән салды.

Толығырақ...

Березов ЖОББМ Жаңа жыл мерекелерін өткізу туралы

   2016 жылғы 28-29 желтоқсанда мектепте шағын орталық, мектепалды тобы, бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары үшін жаңа жылдық мерекелер ұйымдастырылды.

   Дәстүр бойынша оларды мектеп оқушылары Аққала (Чернякова С.), Ақшақар (Галлямова С.), Қораз (Калинчук К.) және Аяз Ата (мұғалім Скляров Р.Н.) ашты. Шағын орталық және мектепалды оқушыларына жаңа жылдық қойылым көрсетілді.

Толығырақ...

Аудан әкімінің атынан жаңа жылдық шыршаны өткізу туралы

   2016 жылғы 27 желтоқсанда сағат 10.00-де Железин№1 ЖББОМ базасында аудан әкімінің атынан балаларға арналған «Новогодние огни ЭКСПО» атты Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға арналды.

   Аудандық Жаңа жылдық мерекеге қатысушылардың жалпы саны 100 баланы құрады, оның ішінде 34 жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар, 66 - аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар.

Толығырақ...

Қашықтық конкурсы

   01 қараша мен 29 желтоқсан аралығында білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері мен оқушылары, сонымен қатар тәрбиешілер мен педагогтар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты республикалық қашықтық конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат, құрмет және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған апталық мереке

Тәуелсіздік –рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бұдан болған азап күн

Елім,жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен –тәуелсізбін ,азатпын.

 

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай 2016 жылдың 8 желтоқсаныныан бастап 15 желтоқсанға дейін мектепте «Жырла, гүлде біздің Қазақстан» атты апталық өтті. Мақсаты: балалардың Отанға деген махаббатын, бірлік пен ынтымаққа, патриоттық сезімін ояту. Барлық апталық мереке жоспар бойынша өтті. Кітапханашы Лисс И.А. кітап көрмесін өткізді, көрмеде мемлекетіміздің тарихы, ҚР Тұңғыш Президентінің кітаптары, Астананың фотосуреттері болды.

Толығырақ...

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30