1
2
3
4

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше34
Апта57
Ай246
Барлық күндері59484

Башмашын ЖББОМ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар

    Мұғалімдердің басшылығымен біздің мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар өтті. Мектеп қабырғасында АҚТ қолдануымен сынып сағаттар, спорттық сайыстар, кітапханада «Көсбашсы және Тәуелсіздік» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар келесі іс-шараларға белсене атсалысты:

   Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Шевченко Н.В. «Нұрсұлтан Назарбаев – адам және саясаткер бейнесі» атты шығармалар сайысын өткізді. Айта кетер бір жай 10 сыныптың қыздары бұл сайысқа толығымен қатысты. 5-11 сынып оқушылар арасында «Дәуір тұлғасы» атты фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды 25 қараша күні 1-11 сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдері Ткач С.А., А.Б. Рахмангулов, Н.М.Болатбек «Салауатты мен – салауатты ұлт» атты спорттық марафон өткізді. Бастауыш сыныптар арасындағы «қызықты старт» ойынында «Реал Мадрид» командасы 1-ші орын иемденсе, 2-ші орынға «Барселона» командасы қол жеткізді.

   5-11 сынып оқушылар арасында баскетбол ойынынан сайыс өткізіліп 1-ші орынға «Пуленепробиваемые», ал 2-ші орынды «Барыс» командасы иемденді. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Л.К. Шалабаева және Г.М. Шуленбаева 1-7 сыныптары арасында «Ел басымыз Нұрсұлтан» атты өлеңдер сайысын өткізіп, Төлеубай Нұрлыбек жүлделі орын иемденді.

   26 қараша күні «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты өткізілген сынып сағатының негізгі мақсаты қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Оқушылар барлығы Президент туралы бейнежазба көріп, викторинаға белсене қатысты. Ал 8 сынып оқушылары мерекеге байланысты «Біздің мектебіміз – біздің тілегіміз» бейнежазба құрастырды.

   29 қараша күні 1-4 сынып оқушыларына қазақ тілі мұғалімдері Л.К. Шалабаева және Г.М. Шуленбаева ҚР Тұңғыш Президент күніне арнап мерекелік іс-шаралар өткізді.

   5-11 сынып оқушыларына «Поле чудес» интелектуалды ойыны өткізілді. Ойынға демеуші көмек ИП Бабич А.В и Шелудько А.Н. көрсетті. Тарих пәнінің мұғалімі Шелудько А.Н. «Якубовичтің» ролін тамаша ойнады. Финалға шығу үшін күрес екі сағатқа жуық жалғасып, жеңіске 9 «А» сынып оқушысы Бақыт Уразгулова қол жеткізді. Оқушы суперойыннан бас тартқанымен, көрермендер сұрауымен ойнауына тура келді. Жүргізуші Бақыттың жеңілісіне қарамасытан жақсы ойын үшін сыйлықтар сыйлады.

   30 қараша күні оқушыларды Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдауы өтті.

 

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31