nauryz kz

 

           

 

medstrah

Қауырт желі

liniya

 

100 logo kaz

 

114

Сайт бойынша іздеу

Сайт статистикасы

Бүгін18
Кеше19
Апта18
Ай929
Барлық күндері34700

Жаңа жұлдыз мектебінде Наурыз мейрамы өтті.

   20 наурыз күні Жаңа жұлдыз ауылының мектебінде Наурыз мейрамы өткізілді. Мектеп оқушылары үлкен концерт даярлап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Мерекеге ауыл ақсақалдары да келіп, өз баталарын берді. Барлық сыныптар ұлттық киімдерін киіп белсене қатысты. Сонымен қатар мектепте қазақ халқының ұлттық ойындары өткізілді. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қоймай, барша азаматқа жақсылық пен көктей көгеріп өсе беруін тіледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.

Толығырақ...

Наурыз мейрамы

   19.03.18 ж біздің мектепте Наурыз мерекесіне арналған шара өткізілді. Шараға 5-11 сынып балалары қатысты. Шара үшін орта буында 5 сынып оқушылары, жоғары сынып үшін 11 сынып оқушылары жауапты болды. Шара өте қызықты болды. Балалар дастархан жайып әр түрлі тағамдар қойып, ұлттық киімдер киді.Шара соңында әрбір сынып номинациялармен марапатталды.

Толығырақ...

«Туған өлкем – Павлодар» атты жас оқырмандар сайысы

   2018 жылдың 3 наурызында Жаңа жұлдыз ауылының ЖББОМ Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Туған өлкем – Павлодар» атты жас оқырмандар сайысы өткізілді. Сайысқа 2-9 сыныптардың оқушылары қатысты. Оқырмандардың назарына мектеп кітапханашысы Канапина Р.К. дайындаған Павлодар Ертісалды өңірі ақындарының көркем әдеби көрмесі ұсынылып, ал тақтаға С.Торайғыров, П.Васильев, С.Дөнентаев, В.Семерьянова, Т.Окольничья, О.Григорьева сияқты атақты ақындардың портреттері ілінді.

Толығырақ...

8 марта

   3.03.18 жылы біздің мектептің қабырғасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шара өткізілді. Шара жүргізушілері 9сынып оқушысы Айман Купеева мен 10 сынып оқушысы Максим Ипатько болды. Осы шараға Железин өнер мектебі белсенді қатысты. Осы кезеңге мектептің «Мектеп жұлдызы» музыкалық сайысының жартылай финалы сәйкес келді. Концерт соңында көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс берді олар 4 болды. Олар 4 а сынып оқушысы Дарья Медведева мен Алем Жунусова, 5 сынып оқушысы Сандина Сергалиева мен 4а сынып оқушысы Амина Хамзина. Дауыстарды есептегеннен соң финалдан 4а сынып оқушысы Дарья Медведева мен Алема Жунусова өтті. Оларға сәттілік тілейміз!!!

Толығырақ...

«8 наурыз» мерекесі туралы есеп Славянов мектебінде

    Көшеде әлі қар, бірақ күнтізбе бойынша көктем басталды ! Бұл әдемі уақыт әйелдер мерекесін ашады. 8 Наурыз мерекесі - бұл балалар сүйікті мерекесі,өйткені олар сүйікті аналарды, әжелерді, апалы-сіңлілерінқұттықтайды. Бұл күні әсіресе біздің сүйікті аналарға ерекше құттықтаулар беріледі, өйткені әр адам үшін анасы - жердегі ең жақын және сүйікті адам. 8 наурыз мерекесі - біздің еліміздегі ең сүйіктідердің бірі.Славянов жалпы білім беру негізгі мектебінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында балалармен «Ең сүйкімді сөз-анам» класс сағаты өтті.

Толығырақ...

Сайтқа кіру

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31